Мексиканың Герреро штатында "Отис" дауылынан қаза тапқандар 43 адамға жетті. Бұл туралы штат губернаторы Эвелин Сальгадо мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Синьхуа агенттігінің мәліметінше, "Отис" дауылына қуаттылықтың 5-санаты берілген. Ол Герреро штатының Тынық мұхит жағалауына сәрсенбі күні төніп, үлкен залал келтірген. Әсіресе Мексиканың негізгі туристік бағыттарының бірі Акапулько шипажайы зардап шекті.
Президент тек Акапулько портында ғана құлаған 10 мың электр бағанының 3211-і қалпына келтірілгенін мәлім еткен.
Айтуынша, жанармай, дизель отыны мен тұрмыстық газ тәрізді отын түрлері уақытылы жету үшін Акапульконы электрмен қамтамасыз ету дүйсенбі кешке қарай толығымен қалпына келтіріледі.