Мексиканың Сан-Исидро қаласындағы тұрғын үйде сақталған отшашу атылып, 14 адам қаза тапты. Тағы ондаған тұрғын жараланған. Қаза болғандардың бесеуі бала. Жарылыс түнде болған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүріп жатыр.
Айта кетейік, өткен жылы желтоқсан айында ел астанасы Мехикода да осындай оқиға болып, ол кезде 35 адам көз жұмған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу