Оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, 50-ге жуық адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz X әлеуметтік желісінде аймақ губернаторы Сэмюэль Гарсия мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Сайлаушылар алдында сөз сөйлеген Майнестің өзі оның үстіне декорация құлап, қазір ауруханаға жатқанын жазды. Үміткер жағдайының жақсы екенін айтты.
Елдегі ауа-райының қолайсыздығына байланысты 24 мамырға жоспарланған сайлау науқаны тоқтатылды. Азаматтық қозғалыс оппозициялық партиясының кандидаты Майнестің өзі зардап шеккендерге көмектесу үшін штатта қалатынына сендірді.
Естеріңізге сала кетейік, 22 мамырға қараған түні Мехиконың әр түкпірінде нөсер, желдің қатты екпіні тіркеліп, электр қуаты үзілді, шаң құйындыларына, ағаштардың құлауына себеп болды. Сонымен қатар, қатты жел елдің 16 муниципалитетінде осы уақытқа дейін тоқтар емес. Желдің жылдамдығы 50-59 км/сағ жетуі мүмкін.