Мексикада сегіз әскери қызметкер 2014 жылы 43 студентті ұрлауға қатысы бар деген айыппен қамауға алынды. Бұл туралы Twitter-де ел СІМ басшысының көші-қон және адам құқықтарын сақтау жөніндегі орынбасары Алехандро Энсинас хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Күдіктілер өткен аптада Бас прокуратура 2022 жылдың қыркүйегінде шығарған, бірақ кейін күші жойылған 16 қамауға алу ордерін қайта бергеннен кейін қамауға алынды.
Алдын ала қамау камераларында қазір төрт әскери қызметкер сот үкімін күтіп отыр, олардың арасында алты студентті өлтіру туралы бұйрық берген командир де бар. Тағы сегіз әскери қызметкер қамауға алынуы тиіс.
Мексиканың оңтүстігіндегі Игуала қаласында орналасқан Айотзинапа колледжінің студенттері 2014 жылдың 27 қыркүйегіне қараған түні жоғалып кетті. Олар Мехикодағы демонстрацияға қатысуы керек болған. Студенттерді жемқор полицейлер ұрлап, кейіннен Guerreros Unidos мексикалық есірткі картелінің содырына сатып жіберген деген болжам бар. Олар жастарды қарсылас қылмыстық топ мүшелерінің туыстары деп санаған көрінеді.