Мексикада тағы бір журналист өлтірілді

1113

Жыл басынан бері бұл елде бес журналист қаскөйлердің қолынан қаза тапты.

Мексикада тағы бір журналист өлтірілді

Мексиканың Оахака штатында журналист Хебер Лопес Васкес оққа ұшты, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. Қастандық жасаған екі адам ұсталды. Тілші өз көлігіне отырайын деп жатқан кезде оған оқ атылды. 

"Қаскөйлер қазір қамауда, тергеуді жалғастыру үшін олар прокуратураға жіберіледі", – деді штат прокуроры Артуро Пеймберт.

Осымен жыл басынан бері Мексикада бес журналист өлтірілді. Қаңтар айының соңында журналистер елдің 40 қаласында пикеттер мен наразылық шараларын өткізіп, тергеулердің тиісті деңгейде жүргізілуін талап еткен еді. Өйткені мұндай қылмыс жасағандардың барлығы дерлік көп жағдайда жазасыз қалып жатады. 

Сөз бостандығына қарсы қылмыстармен күрес жүргізу жөніндегі арнайы прокуратура соңғы бес жыл ішінде БАҚ қызметкерлеріне қатысты құқық бұзушылық фактілері бойынша 1140-тан астам іс қозғады. Оның тек 10-на ғана айыптау үкімі тағайындалды. 
Articulo 19 құқық қорғау ұйымының мәліметі бойынша, Мексикада 2021 жылы жеті журналист өлтірілді. Бұл – әлем елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

Табиғат Нұрболат

Фото: afp.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу