Мексикада тағы бір журналисті өлтіріп кетті

590

Жыл басынан бері 6 БАҚ өкіліне қастандық жасалды.

Мексикада тағы бір журналисті өлтіріп кетті

Мексиканың Веракрус штатында қаскөйлер Diario El Mundo деп аталатын жергілікті газеттің тілшісі Хулио Вальдивияның өлтіріп кетті. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады. Оның басын кесіп, денесін теміржолға лақтырып кеткен.

Әзірге қылмыстың себебі анықталмады.

Биыл Мексикада шамамен 6 журналиске қастандық жасалып отыр. Ал 2000 жылдан бері 150-ге жуық БАҚ өкілі өлтірілген. Жергілікті прокуратураның дерегінше, тілшілерге қатысты құқық бұзу фактілерінің 99%-ы тиісті дәрежеде тергелмей, қылмыс жасағандар жазасыз қалатын көрінеді.

Табиғат Нұрболат
Фото: france24.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу