Мексикада теракт болып, алты адам қаза тапты

404

Қайғылы оқиға Халиско штаты прокуратурасының ғимаратында болды.

Мексикада теракт болып, алты адам қаза тапты Фото: reuters.com

Апаттан 6 адам көз жұмып, 12-сі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Құрбан болғандардың қатарында төртеуі – күзет қызметкері. Мексика билігі бұл жаралысты теракт деп мәлімдеді. Қазір полиция күдіктілерді іздеп жатыр. Губернатордың алдын ала болжамына сәйкес, қылмысты жасаған жергілікті қарулы топтардың бірі.

Айта кетейік, Мексика билігі есірткі тасылмалдаушы топтармен 2006 жылдан бері күресіп келеді. Содан бері түрлі оқиғалардан 30 мың адам жан тапсырған.
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу