Мексиканың Саламанка қаласындағы түнгі клубта атыс болып, 15 адам қаза тапты. Тағы 7 тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды 24.kz.
Куәгерлердің айтуынша, таңға жуық бір топ адам клубқа баса көктеп кіріп, ондағы адамдарға оқ жаудырған. Кейін көліктеріне мініп қашып кеткен. Қазір қылмыскерлер іздестіріліп жатыр.
Айта кетейік, Мексикада мұндай атыстар есірткімен айналысатын ірі қылмыстық топтар арасында жиі болады. Билік бұл топтардың әрекетіне тосқауыл қоя алмай келеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу