Мексикада жаппай ереуіл мен тәртіпсіздік белең ала бастады

945

Мексикада жаппай ереуіл мен тәртіпсіздік белең ала бастады

Мексикадағы жанармай қоры ары кетсе 3 күннен соң таусылады. Бұл туралы елдің энергетика министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24.

Соңғы жылдары мемлекетте бензин өндіру көлемі айтарлықтай азайған. Сондықтан ол шетелден сатып алынатын болған.

Айта кеткен жөн, былтыр Мексиканың мемлекеттік мұнай-газ компаниясының қара алтын өндіру деңгейі соңғы 26 жылдағы ең төменгі көрсеткішке жеткен.

Ал биыл 1 қаңтардан бастап елде жанармай бағасы бірден 20%-ға қымбаттаған. Соның кесірінен жаппай ереуіл мен тәртіпсіздік белең алған. Наразылық шарасына қатысушылар жарты мыңға жуық дүкенді тонап, мұнай өңдеу зауыты мен шикізат қоймасына баратын жолдарды жауып тастаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу