Мексикада жарты жыл бұрын жер сілкінісінен зардап шеккендер ереуілге шықты

987

Мексикада жарты жыл бұрын жер сілкінісінен зардап шеккендер ереуілге шықты

Мексикада осыдан тура алты ай бұрын болған зілзала кезінде зардап шеккендер әлі күнге дейін көшеде түнеп жүр. Үкіметтің көмегінен үміттенген тұрғындар енді шыдамы таусылып, ереуілдете бастады, деп хабарлайды 24.kz.

Билік оларға жеңілдетілген несие береміз деп уәде еткен. Дегенмен халық басшылықтан көмек болмағанын айтып, зар илеп отыр. Ал кейбір аудандандарың басшылары зардап шеккен жандарға 160 АҚШ долларынан беріп, уақытша пәтер жалдауға жәрдемдесіпті. Алайда тығырыққа тірелген тұрғындар бұл қаржының да таусылуға таяп қалғанын айтып отыр. 

Айта кетейік, Мексика астанасында магнитудасы 7,1 балдық зілзала өткен жылдың 19 қыркүйегінде болды. Табиғат апатынан 369 адам ажал құшты. Ресми деректерге қарағанда 160 мыңдай тұрғын үйлерінің қирғанын айтып, мемлекеттен көмек сұраған. 20 мыңдай мектепке зақым келген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу