Мексикада жер сілкінісінен 12 мыңнан аса ғимарат қирады

906

Мексикада жер сілкінісінен 12 мыңнан аса ғимарат қирады

Мексикада жер сілкінісінен қаза тапқан адамдар саны 96-ға жетті, деп хабарлайды 24.kz.

Зілзаладан қатты зардап шеккен елдің оңтүстігіндегі 3 штат. Опат болғандардың дені – Оахака мен оған көршілес елді мекеннің тұрғындары. Табиғат апатынан кейін тағы 300-ден астам дүмпу тіркелген. Оахака штаты губернаторының айтуынша, шамамен 12 мың ғимарат қирап қалған. Бірақ бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін. 1 миллионға жуық штат тұрғыны көмекке зәру, ал эпицентрге жақын орналасқан көршілес штаттағы жағдай одан да мүшкіл: апаттан 1,5 млн адам зардап шеккен. Барлығы азық-түлік, су және жарықсыз қалды.

Естеріңізге сала кетейік, 8 қыркүйек күні Мексиканың оңтүстік жағалауында 8,2 баллдық жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы Пиджиджапан қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 120 шақырымдай жерде тіркелді. Ел билігі бұл апатты соңғы 30 жылдағы ең жойқын зілзала деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу