Мексиканың Гвадалахар қаласынан шеткері аймақта жүк көлігінің мұздатқышынан 157 адамның өлі денесі табылды, деп хабарлайды 24.kz.
Жергілікті халықтың үрейін тудырған оқиғаның жай-жапсары кейін белгілі болды. Мүрделер мемлекеттік мәйітханада орын жетпегендіктен, мұздатқышы бар көліктерге уақытша салынған екен. Алайда оларды тиеген орган жергілікті билікті ескертпеген көрінеді. Қазір осы іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу