Мексикада журналист оққа ұшты

571

Құқық қорғау органдары бұған қатысты тергеуді бастап кетті.

Мексикада журналист оққа ұшты

Мексиканың батысындағы Герреро штатында қарулы шабуыл салдарынан "La Realidad Escrito" газетінің шолушысы Фредид Роман қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Ресми дерек бойынша, қаскөйлер журналистің көлігіне оқ жаудырған. Оқиға штаттың әкімшілік орталығында, яғни Чильпансинго қаласында болды.

Құқық қорғау органдары бұған қатысты тергеуді бастап кетті.

2022 жылдың қаңтарынан бері Мексикада 15 журналистке қастандық жасалды. Бұл елде БАҚ өкілдеріне қарсы зорлық-зомбылық толқыны басылмай тұр.

"Шекарасыз репортерлар" ұйымының (RSF) мәліметі бойынша, 2000 жылдан бері бұл елде өлтірілген журналистердің саны 150-ден асты.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу