Мексикада зілзала салдарынан 1,6 миллион адам жарықсыз қалды

680

Электр энергиясын тұтынушылардың шамамен 13%-і қазір жарықсыз отыр.

Мексикада зілзала салдарынан 1,6 миллион адам жарықсыз қалды Фото: reuters.com

Мексикада 7,1 балдық жер сілкінісі болып, салдарынан шамамен 1,6 миллион адам электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Зардап шеккен аймақтар –  Мехико қаласы мен Мехико, Герреро, Морелос және Оаксак штаттары. Электр энергиясын тұтынушылардың шамамен 13%-і қазір жарықсыз отыр. Жергілікті мамандар электрмен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

7,1 балдық жер сілкінісі 7 қыркүйек күні Мексиканың оңтүстік-батысында Герреро штатында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан бір адам қаза тапты. 
14 тамызда Гаити жағалауында 7,2 балдық жер сілкінісі тіркелген еді. Жер  дүмпулерінің эпицентрі Пети-Тру-де-Нип елді мекенінен солтүстікке қарай сегіз шақырым жерде, ал оның ошағы он шақырым тереңдікте анықталды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу