Мексикадағы атыс кезінде 21 адам қайтыс болды

1185

Бұл елде осындай кісі өлімі өте жиі болады. Былтыр 2111 тұрғын қаза тапты.

Мексикадағы атыс кезінде 21 адам қайтыс болды

Мексикада нашақорлыққа қатысы бар қылмыстық топтар мен полиция арасында болған атыс кезінде 21 адам жан тапсырды, деп хабарлайды Atameken Business.

Бұл елде осындай кісі өлімі өте жиі болады. Былтыр 2111 тұрғын қаза тапты. Қасақана кісі өлтіру фактілері соңғы 5 жылда 75 пайызға өскен. Америкалықтар бұл жағдайды терроризм деп қарастырады. Себебі Техас және онымен шекаралас орналасқан елдімекендерден де тыныштық кеткен. Осы аптада АҚШ-тың Бас Прокуроры Мексикаға келіп, қауіпсіздік мәселесін талқылайды.

"Вилла Юнион жергілікті үкіметіне шабуыл жасалды. Қатыс болғандар саны – 21. Оның арасында күдіктілер де бар, полиция қызметкерлері және 2 жергілікті азамат жан тапсырды",– дейді Мексика Президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу