Мексиканың Тихуана қаласында қылмыскер мен полицейлер арасындағы атыс кезінде алты жасар бала қаза тапты. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
Ресми дерек бойынша, бала ағасымен үйінің ауласында ойнап жүрген. Офицерлер ұрыны қолға түсірмек болған кезде, қаскөй оларға оқ жаудырған. Атыс кезінде бала ішінен жарақат алды. Өкінішке орай, дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмады. Қазір сәбидің нақтың кімнің қолынан қаза тапқаны анықталып жатыр.
Бұған дейін АҚШ-тың Алабама штатында сегіз жасар бала атыс кезінде ажал құшқан еді. Қайғылы оқиға салдарынан 4 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Әлі күнге дейін атысқа не себеп болғаны, кімнің оқ атқаны жарияланбады.
Табиғат Нұрболат