Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық кіші Хулио Сезар Чавес (50-2-1, 32 KO) WBA (Super), IBO, WBC IBF титулдарының иегері Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты, деп жазады дереккөзге сілтеме жасаған egemen.kz.
"Меніңше, "Канеломен" арадағы кездесуі әлем көз тігетін жек-жектердің бірі болмақ әрі бұдан көп ақша да табуға болады. GGG көбісін нокаутпен жеңген, бірақ араларында есімі әлемге әйгілі спортшылар болған емес. Ал мен тек ақша үшін ғана айқаспаймын", – деді ол.
"Канело" мен Головкин әлемге белгілі боксшылардың бірі. Егер келіссөздерге дайын болса, мен де қуана-қуана келісер едім", – деді кіші Чавес.
Айта кетейік, бірер күн бұрын мексикалық боксшы 2015 жылдан бері алғаш рет рингке шығып, германиялық Доминик Бричті ұпай бойынша жеңген. Ол жекпе-жектен кейін кіммен болса да ұрысқа дайын екендігін мәлімдеді. Ол сондай-ақ, өзінің Головкиннің соққыларына шыдас беретін ғана емес тіпті, нокаутқа жіберетін бірден-бір адам екенін алға тартты. Ал қазақстандықтың жаттықтырушысы Абель Санчес бұл ұсынысқа дайын екендіктерін хабарлады.