Қылмыскер "Тапал" деген лақап атпен белгілі. BBC-дің хабарлауынша, ол 12 миллиард доллар көлемінде айыпақы төлеуге тиіс.
62 жастағы Гусманға "есірткінің заңсыз айналымымен айналысты және қаражат ізін жасырды" деген айыптар тағылды. Бірақ ол кінәні мойындаудан бас тартып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Хоакин Гусман – құқық қорғау органдары көптен бері қолға түсіре алмай келе жатқан есірткі бароны. Ол бірнеше рет абақтыға қамалған, бірақ сан мәрте сытылып шыққан.
2015 жылы мексикалық абақтыдан қашып, көп ұзамай қолға түскен. 2017 жылы АҚШ билігіне берілді.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу