Мексиканың Мичоакан штатында 45 полицей тұтқындалды

810

Мексиканың Мичоакан штатында 45 полицей тұтқындалды

Мексиканың Мичоакан штатында 45 полицей тұтқындалды, деп хабарлайды РИА Новости.

Мексиканың Мичоакан штатында қамалған тәртіп сақшыларына қылмыстық топпен байланыста болып, көмек көрсетіп келген деген айып тағылған. Тәртіп сақшыларынсыз қалған аймақтағы екі ауылдың тәртібін  қадағалауға әскерилер мен өңірдегі басқа тәртіп сақшылары жұмылдырылады.  

Айта кетейік, наурыз айында да Мексиканың Окотлан қаласының құқық қорғау органына қылмыстық топтар кірді деген күдікпен шаһардың барлық полицейі ұсталып, қамауға алынған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу