Мексиканың Орталық банкі өсім болжамын төмендетті

1103

Елдің реттеуші банкі биылғы өсім болжамын 2009 жылдан бергі ең төменгі керсеткішке жеткізді. Бұған сұраныстың азаюы, елдегі және жаһандық нарықтағы тұрақсыздық түрткі болып отыр. 

Мексиканың Орталық банкі өсім болжамын төмендетті

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, банк өсім болжамын 0,2 %-дан 0,7%-ға қысқартқан. Мұндай қадамға баруға сонымен қатар ішкі мәселелердің инвестиция мен тұтынушылыққа әсер етуі мен жаһандық сауда тартысы әсер етті, дейді Орталық банк өкілдері. 

Айта кететін жайт, 2019 жылдың екінші тоқсанында Мексиканың ЖІӨ-і деңгейі өзгеріссіз қалды. Ел президенті Андрес Мануэль Лопес Обрабор экономика өсімін 4 %-ға көтеруге уәде еткен еді. 

Осы айда реттеуші банк пайыздық мөлшерлемені соңғы бес жылда бірінші рет қысқартқан болатын. Citigroup Inc. сарапшыларының болжамынша,бес адамнан құралған кеңес қыркүйектің 26-сы мөлшерлемені тағы да төмендетуі мүмкін.  
Ал Орталық банктің төрағасы Алехандро Диаз де Леон бұған қатысты нақты қандай шара қабылданатынын ашып айтпады. Ол шешімнің алдағы уақытта нарықтағы жағдайға байланысты қабылданатынын жеткізді. 

Айта кететін жайт, биыл 30-ға жуық елдің Орталық банктері пайыздық мөлшерлемені төмендеткен. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы жағдайында дамушы елдердің валюталарын сату мен долларды сатып алу тиімді стратегия болады, дейді Commerzbank сарапшылары.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу