Мектеп әкімшілігі оқушыларды ақылы олимпиадаларға қатысуға мәжбүрлей алмайды

823

Білім және ғылым министрлігінің бұл жарыстарға ешқандай қатысы жоқ.

Мектеп әкімшілігі оқушыларды ақылы олимпиадаларға қатысуға мәжбүрлей алмайды

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ақылы олимпиадалар мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ақылы жарыстар ұйымдастыруға министрлік тарапынан ресми рұқсат алудың қажеті жоқ. Көбінесе оны жеке ұйымдар жүзеге асырады. Олар жарыстардың атауын министрліктің тізбесінде бекітілгендей етіп көрсетеді. Алайда ескеретін жайт Білім және ғылым министрлігінің бұл ақылы жарыстарға ешқандай қатысы жоқ", – деген спикер оқушыларды мұндай олимпиадаларға қатысуға мектеп әкімшілігі мәжбүрлей алмайтынын ескертті. 

"Ол ерікті таңдау. Әрбір ата-ана баласының ақылы жарыстарға қатысуын немесе қатыспауын өзі шешеді. Ал педагогтардың, мектеп әкімшілігінің оқушыларды оларға қатысуға мәжбүрлеуге ешбір құқығы жоқ. Егер мәжбүрлеу фактілері тіркелсе, министрліктің өңірлік департаменттеріне хабарласу керек", – деді Шолпан Каринова.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу