Атап айтсақ, шұжықтар, майлы кондитерлік өнімдер, өндірістік емес тамақ өнімдері, жылдам пісіруге арналған концентраттар қосылған тағамдар, ащы соустар, майонез, кетчуптар балалар рационынан алынып тасталды. Сонымен қатар фастфуд, кофе, ірімшік, саңырауқұлақтан жасалған тағамдарға рұқсат етілмейді. Тіпті макарон өнімдерін, туралған ет қосылған бәліштер, морс, квас сынды сусындарға да тыйым салынды.
Аталмыш мәзір оқушылардың улануының жиілегеніне байланысты. Сондай-ақ, ата-аналар кез келген уақытта барып, балалары немен тамақтанып жатқанын біле алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу