Мектеп бағдарламаларына мазмұндама, шығарма және диктант қайтарылады

1191

Бұл бастаманы ұстаздар мен ата-аналар қолдап отырғаны айтылды.  

Мектеп бағдарламаларына мазмұндама, шығарма және диктант қайтарылады Фото: Turkystan.kz

Мектеп бағдарламаларына диктант, мазмұндама, шығарма қайтарылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ата-аналар мен ұстаздар тарапынан ТЖБ, БЖБ-ға қатысты көптеген сын-пікірлер айтылды. Біз критериалды бағалау жүйесін қайтадан зерделеп жатырмыз. Қазір Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитеті 1 сыныптан 11 сыныпқа дейін 16 пәннің аясында тек қана 2025-2026 жылы өткізілген ТЖБ, БЖБ-ның талдау жұмыстарын өткізді. "Күнделік", "BilimClass" секілді жүйелерде кейбір ТЖБ, БЖБ-ның тақырыптары, тапсырмалары енгізілмейді екен. Сондықтан осы мәселені қарастыру үшін біз стандартқа тілдік пәндерге диктантты, мазмұндаманы, шығарманы қайтару мәселесін қолға алып жатырмыз", – деді ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Оның айтуынша, балалардың оқу мен жазу сауатын дамытуға байланысты тиісті шешім қабылданды. Көптеген ұстаздар мен ата-аналар диктант, шығарма, мазмұндаманы қайтаруды қолдап отыр.

"ТЖБ, БЖБ жалпы баланың білім сапасына әсер етуі керек. Ал білім сапасы баланың алған білімін күнделікті өмірде қолдануына мүмкіндік беруі қажет. Тамыз кеңесінің аясында бұл туралы жаңалықтармен бөлісетін боламыз", – деді Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу