Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізіледі

1570

Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізіледі

2019 жылдан бастап, "Бизнес және кәсіпкерліктің негіздері" пәнін жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушыларына таңдау пәні есебінде оқыту жоспарланған. Оған жылына 68 сағат бөлініп, аптасына екі рет оқытылмақ, деп хабарлайды atr.kz.

Жаңа сабақ негізінен іскерлік ойын және бизнес-тапсырма түрінде өткізіледі. Пәнге деген қызығушылықты арттыру үшін тәжірибелі бизнесмендерді оқу барысына тарту жоспары бар.

"Бұл пәнді өткізетін мұғалімдеріміз болады. Ол мұғалімдерді дайындап жатырмыз. Сондықтан 2019 жылға дейін бұған мүмкіндік болады деп санаймыз. Бұл өте маңызды. Шағын кәсіпкерлікті дамыту, микрокредиттер беру жайлы айтып жатырмыз. Бірақ оған дайын болып, экономикамыздың дамуына үлес қосатын балаларымызды мектеп қабырғасынан бастап дайындауымыз қажет", - деп түсіндірді ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов.

Білім және ғылым министрлігінің "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп дайындаған бұл жобасы әзірге мектептерде тек қосымша ретінде оқытылағанымен, баға аттестацияға енеді. Сондай-ақ, жаңа пәнді тек мектептерге емес, колледж бен жоғары оқу орындарының бағдарламасына да енгізу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу