Мектеп бағдарламасындағы маңызды пәннің атауына өзгерту енгізілді

Бұл жайында Білім және ғылым министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев айтып отыр.  

Мектеп бағдарламасындағы маңызды пәннің атауына өзгерту енгізілді Фото: canva.com

Ол мектепке жасанды интеллектінің қалай енгізілетініне тоқталып өткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Спикердің сөзінше, жасанды интеллект педагогтерді ешқашан алмастыра алмайды. Ал мектептегі "Информатика" пәнінің атауында өзгерістер пайда болады. 

– Арнайы жоспар жасалды. Оның негізінде жасанды интеллектіні қолдану кезінде этикалық нормаларды сақтау принципі, мұғалімдердің жоғары даярлығы жатыр. Бүгінде 200-ге жуық педагог даярланды.

"Информатика" пәні "Информатика және жасанды интеллект" пәні болып өзгертіледі. Оның аясында негізгі элементтер енгізіледі. Бірақ басқа пәндер бойынша мұғалімдер де білім беру процесінде заманауи технологияларды қолдана алады. Бірақ педагогтың негізгі рөлі сақталады. Жасанды интеллект мұғалімдерді ешқашан алмастырмайды, – деді ол. 

Мұнан өзге, министрлік дарынды оқушылар мен педагогтерді қолдауға арналған SMART Daryn ұлттық цифрлық платформасын іске қосқанын сүйіншілей хабарлады. Осының негізінде олимпиадалар мен конкурстарды онлайн форматта ұйымдастыруға мүмкіндік ашыла түспек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу