Мектеп дәретханалары мен асханалары туралы ақпаратты жасырғандарға қатаң шаралар қолданылады

602

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында ведомство басшысы осылай деп мәлімдеді. 

Мектеп дәретханалары мен асханалары туралы ақпаратты жасырғандарға қатаң шаралар қолданылады

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, кейбір директорлар мектеп әжетханалары мен асханаларының жай-күйі туралы ақпаратты жасырады.

"Мектеп асханасы мен дәретханасына қатысты жағдайды түбегейлі өзгертуіміз керек. Менің ойымша, мектептерде түйіткілді  мәселелер жеткілікті, бірақ оларды жасырады. Менің қолымда бар ақпаратқа сәйкес, кейбір мектеп директорлары осындай ақпаратты бізге жеткізгендерді жазалайды", – деді Асхат Аймағамбетов.

Министрлік басшысы әріптестерінен ақпаратты жасырмай, керісінше мәселені барынша шешуге тырысуды сұрады.

"Жасырудың қажеті жоқ, егер асхана, дәретханаға байланысты шағым түссе, ешкімді жазаламаймыз, тек осындай жағдайдың бар екенін білуіміз керек, оны жою керек.  Ешкімді жазалаудың қажеті жоқ. Егер барлығы түзетілсе, онда ешқандай шара қолданылмайды", – деп қосты министр. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу