Мектеп дәретханасының кіреберісіне камералар орнатыла ма: Министр пікір білдірді

164

Жаңадан салынып жатқан мектептердегі дәретханалар адам көп жүретін жерлерде орналасқан.  

Мектеп дәретханасының кіреберісіне камералар орнатыла ма: Министр пікір білдірді Фото: Репортер 73

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп дәретханаларының кіреберісіне бейнекамералар орнатылу мүмкіндігіне қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер министрден "Осыған дейін мектеп дәретханаларының ішінде емес, кіреберісіне бейнекамералар орнату жұмыстары қолға алынуы мүмкін деген едіңіз. Бүгінде жағдай қалай?" деп сұрады.

"Қазір жаңадан салынып жатқан мектептердегі жағдай бөлек. Онда дәретханалар барлық адамның көз алдында болуы керек. Бұрынғы білім мекемелеріндегі дәретханалар көбіне түкпір жерлерде орналасты. Қазіргі жаңа мектептерде әжетханалар адам көп жүретін жерлерге қарай ығысып жатыр. Сондықтан да бұл жерде әртүрлі ұстаным болуы тиіс. Ең бастысы бұл жерде камера емес, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігінен ғана туындауы керек. Бірақ бірден айта кетейін, біз әрі қарай оны бүлдіріп алмауымыз керек. Әжетхананың ішіне дейін камера қойып жатқанын естіп жатырмын. Олай болмайды. Бұл тиісті құқықты бұзатыны белгілі. Тек қана бақылау, бағдарлау ісімен ғана айналысу жеткілікті деп есептемеймін. Камерадан бөлек балалардың тәрбиесіне, мейірімділікке, бауырмалдыққа баулуды күшейтуіміз керек",  – деді Оқу-ағарту министрі.

Айта кету керек, осыған дейін сынып жетекші болған мұғалімдерге қанша төленетіні белгілі болғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу