Мектеп директорлары кең кабинетін босатып жатыр

1412

Жамбыл облысында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 61 білім мекемесіне мониторинг жүргізді. Нәтижесінде 11 мектеп басшысының жұмыс кабинеті 40 және 50 шаршы метр аумақты алып жатқанын анықтаған.

Мектеп директорлары кең кабинетін босатып жатыр

Мемлекет басшысының шығындарды оңтайландыру жөніндегі тапсырмасы аясында қазір өңірлердегі мектеп директорлары кең сарайдай кабинеттерін оқушыларға сабақ оқуға босатып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Мәселен, Жамбыл облысында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 61 білім мекемесіне мониторинг жүргізді. Нәтижесінде 11 мектеп басшысының жұмыс кабинеті 40 және 50 шаршы метр аумақты алып жатқанын анықтаған. Енді бұл мектеп басшылары шағын кабинетке көшірілуде.

Ал Шымкентте 28 білім ұясындағы ауданы кең кабинеттер әп-сәтте сынып бөлмелеріне айналып шыға келді. 

Еліміздің батыс өңірінде де 7 мектептің басшылары кабинеттерін қосымша үйірмелер мен сабақтарға беріп, өздері 1-қабаттағы шағын бөлмелерге жайғасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу