Мектеп директорларына айыппұл салынғанда олардың құзыреті толық ескерілмейді – Асхат Аймағамбетов

998

Үш ауысымды мектеп СанПиН бұзған жағдайда, айыппұл мектеп директорына салынады. 

Мектеп директорларына айыппұл салынғанда олардың құзыреті толық ескерілмейді – Асхат Аймағамбетов Фото: Facebook Askhat Aimagambetov

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мектеп пен аурухана басшылығына айыппұл салынғанда олардың мүмкіндіктерін ескеруді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінгі таңда соттар мектеп директорларына немесе аурухана басшыларына айыппұл салғанда олардың мүмкіндіктері мен құзыреттілігін толық ескермейді. Мысалы, СанПиН-ді бұзды деп мектеп үш ауысымды болса, онда айыппұл мектептің директорына салынады. Бірақ енді директор үш ауысымдылықты басына тілеп алған жоқ қой. Мектеп тиісті деңгейде салынбағаннан кейін дәл осындай жағдайға жетеді. Сондықтан мүмкін мұндай мәселеде айыппұл әкімдіктерге салыну керек шығар. Лаборатория, құрылғылар жетпесе, тағы да директорға жауапкершілік артылады. Бюджет болмағандықтан, ол құрылғыны сатып алмайды", - деді ол.

Депутат бұл мәселеде Жоғарғы Соттың нормативті қаулысы қажет деген пікірде.

"Айыппұл салғанда субъектінің мүмкіндігі мен осы мәселе әсер ете алуын қарау керек. Екінші сұрақ Ішкі істер министрлігіне. Бүгін дәрігерлерді өзіне тән емес жұмысқа тартқаны, шамадан тыс есеп талап еткен үшін жауапкершілікке полиция тартады. Денсаулық сақтау министрлігінің комитеті осы мәселені қарастырсын деген ұсыныс болған. Бұл мәселеге қалай қарайсыздар?", - деп сұрады мәжілісмен.

Мәжілістің пленарлы отырысына қатысқан сот әкімшілігі мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері аталмыш мәселені жұмыс тобында жан-жақты талқылап, пысықтауды ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу