Мектеп директорларының жалақысы қайта қаралатын болды

10021

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы мектептерінің директорларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мектеп директорларының жалақысы қайта қаралатын болды Фото: primeminister.kz

Жиын барысында орта білім берудің өзекті мәселелері мен озық тәжірибені таратуға арналған "Заманауи мектепті басқару: трендтер мен болашақ" тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Диалог алаңында басшыларға білім беру сапасын арттыру бағытында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан міндеттер мен шаралар туралы айтылды.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жайлы орта құру, цифрландыру, тиімді тәрбие жұмысын ұйымдастыру, инклюзивті білім беру және т.б. мәселелер сөз болды.

Бұдан кейін кездесу TEDx форматында жалғасты. Ғани Бейсембаев отандық білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарына тоқталды.

"Педагогтерді кәсіби дамыту жүйесі түбегейлі өзгеріп жатыр. Қазіргі тәжірибелі топ-менеджерлер "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелге тағылымдамадан өтуге жіберілетін болады. Педагогтерді қолдау шаралары жалғасады. Осы жылдан бастап білім беру қызметкерлерін көтермелеу жүйесі, білім беру ұйымдары басшылары мен олардың орынбасарларының жалақысы қайта қаралатын болады", - деді министр.

Кездесуге барлығы 800-ге жуық мектеп, білім бөлімдері мен басқармаларының басшылары қатысты.

Күні бойы олар менеджердің басқару құзыреттері, кадрлық әлеуетті дамыту, НҚА қабылдайтын және білім беру саласындағы маңызды басымдықтар бойынша тәжірибе алмасып, білім алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу