Мектеп директоры мұғалімдерден ақша жинап, құмар ойындарға бәс тіккен

Алдын ала болжамды мәлімет әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жария болды. 

Мектеп директоры мұғалімдерден ақша жинап, құмар ойындарға бәс тіккен Фото: Kazpravda.kz

Оқиғаға қатысты Жетісу облыстық полиция департаменті де, Көксу аудандық білім бөлімі де пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылдың 30 желтоқсанында 9 педагог директордың әрекеттеріне байланысты арыз түсірген. 

– Аталған арыз 2026 жылғы 5 қаңтарда Көксу ауданы бойынша полиция бөліміне жолданды. Қазіргі уақытта осы өтініш бойынша заңнама талаптарына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу әрекеттерінің жүргізілуіне байланысты Көксу ауданы бойынша білім бөлімі тарапынан 2026 жылғы 5 қаңтардағы бұйрықпен мектеп директорының қызметтік міндеттерін уақытша атқаруын шектеу шаралары қолданылды, – делінген хабарламада. 

Мектеп директорының әріптестерінен қарызға ақша алып, оны букмекерлік кеңселерде ұтыс ойындарына салғаны жайлы деректер бар. Әзірге келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен – 9 миллион теңге. Десе де, нақты жәбірленушілер саны бұдан да көп болуы ықтимал. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу