Мектеп есепшісі 90 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

1284

Бұл құқық бұзушылық мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлері мен олардың туыстарына ақша аудару арқылы жасалған. 

Мектеп есепшісі 90 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікке ілінді Фото: Петр Карандашов

Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданындағы мектептердің бірінде есепшінің жалақыға арналған бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады.

Алдын ала келтірілген шығын 90 млн. теңгеден асады және шығынды есептеу жалғасуда.

Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодекстің 189 бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) тергеулігі бойынша Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу басқармасына жолданды.

Осыған ұқсас факт Еңбекшіқазақ ауданында да анықталып, тергеу қорытындысы бойынша мектеп есепшісі тергеу сатысында 10 млн. теңгеден астам шығынды өтеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу