Мектеп-интернатта уланған тағы бір бала көз жұмды

800

Уланған бес бала жансақтау бөлімінде жатыр. 

Мектеп-интернатта уланған тағы бір бала көз жұмды Фото: inbusiness.kz

Бүгін Қарағанды қаласындағы балаларға арнайы әлеуметтік көмек көрсететін орталықтан уланып ауруханаға түскен тағы бір бала қайтыс болды. Бұл осымен құрбан болған екінші бала. Ол 2012 жылы туған ұл бала.

Дәрігерлер оның жағдайы әуел бастан өте ауыр болған деп отыр. Еске сала кетсек, 30 шілде күні орталықта тәрбиеленіп жатқан 14 бала улану диагнозымен ауруханаға түскен еді. Арасында жетім балалар да бар. Балалардың барлығы бір топтан. Сол кезде  бір  тәулік өтпестен бір бала қайтыс болған. Қазір аурухананың  жансақтау бөлімінде жатқан бес баланың жағдайы тұрақты ауыр деңгейде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу