Мектеп қабырғасында ақылы олимпиада өткізуге болмайды – министр

889

Асхат Аймағамбетов құқықтық мәдениеттің маңыздылығын айтты.

Мектеп қабырғасында ақылы олимпиада өткізуге болмайды – министр

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде ақылы олимпиадалар мен жарыстар өткізуге қатысты пікір білдірді.

"Құқықтық мәдениеттің болуы маңызды. "Құқымыз бұзылып жатса, басқа біреу келіп бізді қорғайды" деген түсінік қалыптасып кеткен. Егер баланы ақылы олимпиадаға қатысуға мәжбүрлесе, тиісті құзырлы органдарға шағымдану керек. Министрліктің ұстанымы мынадай: біріншіден, әр түрлі ақылы сайыстарды қолдамаймыз. Екіншіден, мектеп қабырғасында ақылы олимпиадалар өткізуге болмайды. Бұл мәселе бойынша біраз алға жылжыдық. Алайда осындай 20 мың ұйым бар. Бес саусақ бірдей емес. Егер қандайда бір мәселе туындаса, шағымдану қажет. Басқа жолы жоқ", – деп түсіндірді министр.

Нұржан Көшкін

Фото: dailynews.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу