Мектеп кітапханасында болуға тиіс 5 мыңдай кітаптың тізімі жасалады

970

Тізім комиссияның қатысуымен бекітіледі.

Мектеп кітапханасында болуға тиіс 5 мыңдай кітаптың тізімі жасалады

Білім және ғылым министрлігінің "Оқулық" ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында толықтырылатын әдебитеттер туралы сөз қозғады. Оның айтуынша кітаптар тізімі 4 бағыт бойынша жасалады.

"Ол кітаптардың тақырыбы 4 бағытта болады. Бірінші кезекте отандық классиктердің әдебиеттері. Екінші –  қазақ тіліне аударылған әлем әдебиеті туындылары. Сонымен қатар бұл тізімге заманауи ақын-жазушылардың үздік шығармалары енеді", – деді "Оқулық" ғылыми-практикалық орталығының директоры. 

Бұған қоса аталған тізімде ғылыми-тәжірибелік, танымдық кітаптар және оқу-әдістемелік әдебиеттер де бар. 

"Әдебиеттердің тізімі 5 кезең бойынша әзірленеді. Соңғы тізімді бекіту комиссияның қатысуымен жүзеге асырылады. Сарапшылар 5 мыңға жуық әдебиеттің тізімін қалыптастырады", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу