Мектеп кітапханаларындағы кітап қоры 137 000 000 дананы құрайды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында мектеп кітапханаларын жаңғырту және оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру бойынша кезең-кезеңмен жұмыс жүргізілуде.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша мектеп кітапханаларының кітап қоры тағы 4 879 781 данаға толығып, кітап саны рекордтық 137 миллионға жетті.
Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана оқушыларға оқуға ұсынылған 1770 шығарманың тізімін жасады. Оның ішінде басым үлеспен 76%-ы отандық, ал 24%-ы әлемдік әдебиеттен тұрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу