Мектеп кітапханаларындағы көркем әдебиеттің 30 пайызы жарамсыз

921

Оқу ордалары жыл сайын 20%-ға көркем әдебиеттермен толықтырылады. 

Мектеп кітапханаларындағы көркем әдебиеттің 30 пайызы жарамсыз

Білім және ғылым министрлігінің "Оқулық" ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Оқуға құштар мектеп" жобасын таныстырды. Жоба аясында мектеп кітапханалары жаңа көркем әдебиеттермен толығатынын айта келе, ол 5 жылға жоспарланған бағдарламаның жай-жапсарын баян етті. 

"Бүгінде еліміздегі мектептерде 200 млн-нан аса әдебиеттер қоры бар. Оның 38 млн-ы –  көркем әдебиеттер мен мерзімді басылымдардың тізімі. Олардың сапасына мән берер болсақ, басым бөлігі 1980-1990 жылдардың аяғында шыққан кітаптар және 20-30%-ы жарамсыз екені анықталып отыр. Соған байланысты шұғыл түрде мектеп кітапханаларын көркем әдебиеттермен толықтыру мәселесі бірінші кезекте қолға алынды", – деді ол. 

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, бұл мәселені шешу алдағы 5 жылға жоспарланған. Әр жыл сайын кітапханалар 20%-ға көркем әдебиеттермен толықтырылады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу