Мектеп құрылысы мен жөндеу жұмыстарына қомақты қаржы бөлінді

1049

 Мектеп құрылысы мен жөндеу жұмыстарына қомақты қаржы бөлінді

Ақмола облысында білім беретін 19 нысанның құрылысы мен жөндеуіне 5 млрд 800 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Вnews.kz.

Бүгінде Ақмолада жалпы білім беретін 572 мекеме бар. Оның 24-і Көкшетау қаласында орналасқан.

Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Сатанат Смағұлованың айтуынша, аймақта 19 нысанның құрылысы мен қайта жөндеуі үшін республикалық және облыстық бюджеттен 5 млрд 800 млн теңге бөлінген. Балабақшалар да бұл тізімнен шет қалмайды. Мысалға айтар болсақ, Көкшетаудағы №18 орта мектеп жанына 420 орындық қосымша корпус салынады. Оқу-тәрбие корпусы Красный Яр ауылына баратын даңғыл жолдың бойына жаңа құрылыс көп жерге салынып жатыр. Жобаға екі мекеме – мектеп және балабақша кіреді. Ал, №19 орта мектепте түбегейлі күрделі жөндеу жүріп жатыр. Бұл оқу орны 27 жылдан бері бір жөндеу көрмеген.

"Әзірге автотұрақтағы жұмыстар аяқталды. Кәріз, жылу беру, бейнебақылау жүйесі жөнделді. Спорт залында 90% жұмыс бітті. Еден жаңартылып, баспалдақ алаңына терезелер орнатылып жатыр", - деді №19 ОМ директоры Сәуле Өмірбаева.

Астрахан, Бурабай, Бұланды, Еңбекшілдер, Ерейментау, Есіл, Жарқайын, Зеренді. Целиноград, Шортанды аудандары мен Көкшетау қаласында 14 мектепке күрделі жөндеу жүргізу үшін 1 млрд 400 млн теңге жұмсалады.

"Бір нысанда жұмыс жүз пайыз аяқталды. Қалғандары оқу жылының басына дейін үлгереді. Сондай-ақ, жылу маусымына дайындық басталып кетті. Биыл 37 қазандық ауыстыру жоспарланып отыр. Оның 25-інің жұмысы аяқталды. Бұл мақсатқа шамамен 100 млн теңге бөлінді. Қалған жұмыстар 15 тамызға дейін түгел орындалады", - деді Салтанат Смағұлова.

2016 жылдан бері Көкшетау қаласында 900 орындақ жаңа мектеп салынуда. Бұл мақсатқа 1 млрд теңге бөлінген. Нысанды келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу