Мектеп құрылысын кешіктірген өңірлердің қара тізімі түзіледі

928

Мектеп құрылысын кешіктірген өңірлердің қара тізімі түзіледі

Үлкендер тендерді ойыншыққа айналдырып жүргенде балалар мектепсіз қалып отыр. Бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев министрлерге осындай қатаң сын айтты. Үкімет басшысы, әсіресе, әлеуметтік нысандардың құрылысына бөлінген қаржының шенеуніктер кесірінен игерілмей жатқанына наразы. Мәселен, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің баяндауынша, биыл "Нұрлы жол" бағдарламасымен 109 мектеп салынуы тиіс болса, жаңа оқу жылында оның 57-сі дайын емес. Жалпы құрылысқа Ұлттық қордан 71,1 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде, 200 млн теңге үнемделіп, 3 млрд теңге игерусіз қалған. Оның себебі - жергілікті әкімдіктердің дер кезінде байқау жүргізбейтіндігінде. Қазір мектеп құрылысын кешіктірген өңірлердің қара тізімі түзілуде.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі: "Получается, что, пока взрослые дяди играют в тендер, дети страдают. Надо что-то делать с этим. Дети хотят учиться в новых школах".

Ерлан Сағадиев, ҚР білім және ғылым министрі: "Бюжет қаржысын игермеген өңірлер тізімінде 3 облыс тұр. Бірінші – Ақмола облысы. Мұнда Щученск қаласында 759 млн теңгенің мәселесі мердігерлермен сотта қаралып жатыр. Екінші – Маңғыстау облысы. 1,5 млрд теңгеге есептелген 4 мектептің жұмысы жүрмей отыр. Өйткені байқау кеш жарияланған. Үшінші – Оңтүстік Қазақстан облысы. 600 млн теңге иегерілмеген. 5 мектептің байқауы кеш жарияланып, мемлекеттік сатып алу ісінен шикілік шыққан".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу