Мектеп қызметкерлері 23 млн теңгені жымқырған

918

Олар заңсыз әрекеттерін 9 жыл бойы жүргізіп келген.  

Мектеп қызметкерлері  23 млн теңгені жымқырған

Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы мектептердің бірінде қызмет атқарған есепші мен информатика пәнінің мұғалімі 2011 жылы алаяқтық әрекетке барып, бюджеттік қаржыны жымқырудың жолын тапқан, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, есепші қызметкерлердің жалақысы бойынша құжаттарды толтыру кезінде информатика пәні мұғалімінің шотына артық сома аударып келген. Кейін ұстаз бен бухгалтер сол соманы өзара бөлісіп алып отырған.

"Алғашқы жылы мүғалімнің шотына 1,3 млн теңге, 2012 жылы 2 млн теңге түскен. Жыл сайын жымқырылған қаржы көлемі осылай ұлғайып отырды", - делінген Павлодар облыстық сотының хабарламасында.

Бірақ ауылдық мектеп қызметкерлері кінәларын мойындаған жоқ. Мұғалім артық сома туралы әңгімені бірінші рет естіп тұрғанын айтса, есепші қаржыны ұстаздың өз өтініші бойынша аударып, кейін одан бір тиын да алмағанын алға тартты.  

Бірақ айғақтар мен куәгерлердің сөздері айыпталушылардың кінәлі екенін айғақтады. Сөйтіп, мұғалім бес жылға, бухгалтер алты жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Есепшінің өткен жылдың тамыз айында туған баласы бары ескеріліп, жазасын төрт жылдан соң өтеуге мүмкіндік берілді.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу