Мектеп оқушылары ашық сабақты астық алқабында өткізді

967

Бүгін Ақмола облысы Шортанды кентіндегі №1 орта мектептің 5-6 сынып оқушылары үшін жаңа оқу жылындағы алғашқы ашық сабақ өзгеше жағдайда өтті.

Мектеп оқушылары ашық сабақты астық алқабында өткізді

№1 орта мектептің  мұғалімі Меруерт Серікбайқызы Жылқыбаева кезекті география сабағын А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-тәжірибелік орталығының тәжірибелік алаңында өткізді. Ондағы мақсаты – оқу бағдарламасының тақырыбына сәйкес оқушылардың алған теориялық білімін нақты зерттеу жұмыстарымен ұштастыру, жас ұрпақты ғылымға қызықтыру, туған жерді сүйіп, аялай білетін азаматтарды қалыптастыру болды.  Аталған ғылыми-тәжірибелік орталықтың қатты бидай зертханасының  меңгерушісі Руслан Сағынайұлы мен зертхана қызметкері Татьяна  Жигули оқушыларға астық шаруашылығы жөніндегі мағлұмат берумен қатар, оның маңыздылығын, саланың ерекшеліктерін атап көрсетті. 

Балалар  табиғат аясында өткен сабақта жайқалып өскен бидай алқабын тамашалап, дән масақтарын, топырақты қолдарымен сезініп, мамандардың  қызғылықты әңгімелерін тыңдады. Кезегі келгенде оларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу