Мектеп оқушыларын тиісті санаты жоқ көлік жүргізуші тасымалдап келген

450

Оны ақтөбелік полицейлер анықтады. 

Мектеп оқушыларын тиісті санаты жоқ көлік жүргізуші тасымалдап келген Фото: Облыстық Полиция департаменті

Автобус жүргізушісі бау-бақша ұжымдарында тұратын балаларды  мектепке апарып, алып кетіп жүрген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. Оған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін хаттама толтырылды. Көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.

Соңғы кездері жүргізушілердің осы секілді заңға қайшы әрекеттері жиі ұшырасып отыр. Мәселен, жүргізуші куәлігі жоқ келесі бір тұрғын "Газель" автокөлігімен облыс орталығындағы кәсіпорындардың бірінің қызметкерлерін мас күйінде тасымалдаған.  Автокөлік айыппұл тұрағына жіберілді. Жүргізушінің өзі қамауға алынды. Бұл жағдайға қатысты кәсіпорын басшылығы да жауапқа тартылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу