Мектеп оқушыларына құрамында есірткісі бар кәмпит таратылып жатқаны рас па?

214

Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады.

Мектеп оқушыларына құрамында есірткісі бар кәмпит таратылып жатқаны рас па? Фото: lada.kz

WhatsApp желісіндегі чаттарда мектептерде балаларға "құлпынай квик" кәмпиттері және құрамында есірткі  кристалды метамфетамин бар басқа да заттар ұсынылуы мүмкін екендігі туралы ақпарат тарауда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алайда, ІІМ бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады. 

"Қоғамда дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдарды тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын есте ұстау қажет.

Хабарламаларды таратпастан бұрын барлығын мұқият тексеріп алған жөн",  деп ескертті ІІМ баспасөз қызметінен. 

Сонымен қатар полиция ата-аналарға балаларына түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызды екенін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу