Мектеп оқушыларының қорытынды аттестация тапсыру мерзімі бекітілді

164

2024-2025 оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімі, сондай-ақ қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі бекітілді.  

Мектеп оқушыларының қорытынды аттестация тапсыру мерзімі бекітілді Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

9-сынып оқушыларының қорытынды емтихандары 29 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады. 

Ал, 11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 30 мамыр мен 16 маусым аралығына жоспарланған. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша түрде өтеді. Сонымен қатар негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттар 18-20 маусым аралығында берілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу