17 жастағы мектеп оқушысы электронды темекі (вейп) шегіп, қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қыз ұзақ уақыт жуынатын бөлмеден шықпаған соң, туыстары есікті бұзып кіреді. Ес-түссіз күйде еденде жатқанын көріп, жақындары дереу жедел жәрдем шақырған.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жасөспірімнің бөлмесінен электронды темекі шегуге арналған тағы екі құрылғы мен Iqos таяқшаларын тапты. Қазіргі таңда марқұмның пайдаланған өнімдері зерттеу үшін тәркіленді.
Қайтыс болу себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Тергеу комитеті абайсызда өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу