Журналистер ҚМДБ-дан осы мәселе бойынша ұстанымын сұрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Біз, Қазақстан ҚМДБ дін негіздерін насихаттаймыз. Никабтың бетті жабатын киім екенін түсінуіміз керек. Шариғатта мұндай киімді кию туралы жазылмаған", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Ол ҚМДБ заң шығарушы ведомство емес, тек халыққа дін нормаларын түсіндіретінін атап өтті.
"Біз заңға бағынамыз. Шариғат бойынша әрбір кәмелетке толған қыз орамал тағуы керек. Әрбір намаз оқитын қыздың құқығы бар. Егер ол орамал таққысы келсе, біз оның құқығын құрметтеуіміз керек. Егер мектеп оқушысы кәмелетке толса, онда ол орамал тағады. Бірақ мектептің өз ережелері бар. Білім алу да – адамның міндеті. Пайғамбар балалардың сауатсыз болмауы керек екенін жазған", – деп түйіндеді ол.