"Мектеп оқушысы мүшеқапты білуі керек": Блогер жыныстық сауат пәнін енгізуді ұсынды

1104

Нағимуша жыныстық сауат мектеп оқушысына түсіндірілуі керек екенін айтады, деп жазады inbusiness.kz сайты Dop soz бағдарламасына сілтеме жасап.

"Мектеп оқушысы мүшеқапты білуі керек": Блогер жыныстық сауат пәнін енгізуді ұсынды Фото: Бейнежазбадан

"Біз мектепте оқып жүргенде мүшеқаптың не екенін, етеккір қалай келетінін үйретті. Көбіне қыздарды жинап алып айтатын. Ұлдар ол жиналысқа қатыспайтын. Қазір бұл дұрыс емес екен. Қыздар білетін дүниені ұлдар да білуі керек. Мектепте ашық сабақ өтіп, ашып бәрін көрсеткен. Анам да менімен ашық сөйлесіп, білгенін айтып отыратын. Екеуміз "бала қалай пайда болады", "Етеккір келгенде денедегі ағза қалай өзгереді", "Мүшеқапты қай кезде қолданады" деген тақырыпта көп әңгімелесетінбіз. Кішкентай күнімнен ұят болады деген дүниелерді біліп өстім. Одан жаман болған жоқпыз. Мектепте де ашық айтылуы керек", – дейді ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу