Мектеп оқушысы өгей әкесінен жүкті болып қалған: Министр пікір білдірді

683

Іс министрлік бақылауында, деді ведомство басшысы.

Мектеп оқушысы өгей әкесінен жүкті болып қалған: Министр пікір білдірді Фото: Lucky child

Павлодар облысында 8-сынып оқушысы зорланып, жүкті болып қалған. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министр іс тергеліп жатқанын айтты.

Үкіметтің баспасөз орталығында журналистер министрге "Павлодар облысында өгей әке 8 жастағы оқушы қызды зорлаған. Салдарынан бала жүкті болып қалған. Бұл оқиға не туралы білесіз?" деп сұрақ қойды.

Ғани Бейсамбаев істі полиция тергеп жатқанын айтты.

"Мұндай жағдайға қатысты ақпарат менің және Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасына бірден түсіп, бақылауымызға алынады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу аяқталғасын тиісті шешім қабылданады. Алгоритм бойынша аталған комитет шұғыл түрде тиісті шараларды жүргізеді", - деді министр.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында мектеп оқушысы жүкті болып қалғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу