"Бүгін барлық облыстар үздік мектеп оқушыларын, түрлі байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпаздарын міндетті түрде марапаттайды. Бүгінде олардың арасынан 68 бала Президенттің резиденциясына экскурсияға шақырылған", - деді спикер.
Спикердің айтуынша, балалар мерекесі қарсаңында Алматыда Оқушылардың инновациялық шығармашылығы орталығы іске қосылды. Шымкентте 500 орындық Оқушылар сарайы мен 320 орындық Өнер мектебі есігін айқара ашты. Жетісу өңірінде балалар шығармашылығының жаңа орталығы жұмысын бастады. Абай ауданында екі балабақша іске қосылды.