Мектеп салуға бөлінген ақшаның 5,5 млн теңгесін жымқырған

1130

Шымкенттегі Жұлдыз тұрғын алабында орта мектеп салуға бөлінген ақшаның 5,5 млн теңгесі жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мектеп салуға бөлінген ақшаның 5,5 млн теңгесін жымқырған

Тергеу барысында кәсіпкер мектеп құрылысы кезінде нақты орындалмаған жұмыстар туралы дәйексіз мәліметтер мен есептер ұсынғаны белгілі болған.

"Сот құрылыс-экономикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес мемлекетке келтірілген залал сомасы шамамен 5,5 млн теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарын жүргізген жосықсыз кәсіпкер кінәсін толық мойындап, келтірілген шығын сомасын өтеді. Еңбекші аудандық сотының үкімімен ол 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды",– дейді агенттіктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу